Дәрігерлер абрикос ең пайдалы жеміс екенін айтты
Жазғы уақытта адам ағзасына ең пайдалы, әрі қажетті жеміс абрикос деп атады дәрігерлер. Айтуынша, абрикосты күнде жеп тұрсаңыз, көптеген аурулардан арыла алады екенсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар абрикосты жүрек-қан тамыры аурулары мен бүйрегі ауыратын адамдарға күнделікті жеп отыру керектігін айтады. Сонымен қатар, жүкті әйелдерге абрикос жемісін көп жеуге кеңес береді.
Абрикос аз калориялы және пайдалы витаминдерге бай жеміс. Ол холестеринді азайтып, ағзаны артық нәрселерден тазалайды дейді.
Диетологтар да артық салмақтан арыла алмай жүргендерге абрикос жеуді ұсынды. Одан бөлек абрикос адамның көңіл-күйін көтеріп, қобалжуды азайтады екен.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған