Дәрігер жүрекке зиян тағамдардың тізімін жариялады
Кардиолог маманның айтуынша, тұзды, маринадталған және қышқыл тағамдар жүрек ауруларының пайда болуына әкеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Тұзды, маринадталған, қышқыл тағамдар мен холестерині жоғары тағамдар бүйрекке де кері әсер етеді. Ал бүйректің қан қысымын реттейтін гормондарды өндіретінін ескерген жөн.
“Тұзды шамадан тыс тұтыну бірқатар қан тамырлары ауруларын туғызады. Майлы ет пен сүт өнімдеріндегі артық холестериннің де денсаулыққа еш пайдасы жоқ. Қанттың көп мөлшері жүрекке кері әсер ететіні айтпаса да белгілі", - деді кардиолог Юрий Конев.
Жүректі сақтаймын десеңіз, дәрігер алкогольдік сусындар, фаст фуд, газдалған сусындар мен тәттілерден бас тартуға кеңес береді.
Бұған дейін ыстық моншаның пайдасы мен зияны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ диетолог тәттіден бас тартудың оңай жолын көрсетті.
Талқылау