Дәрігер ұзақ өмір сүру үшін бірнеше жемісті аз тұтынуға кеңес берді

Дәрігер Ирен Пинилья ұзақ өмір сүруді мақсат еткен адамдарға кейбір жемістер мен жидектерді рационнан шектеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HuffPost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пинильяның айтуынша, жүзім құрамында антиоксиданттар көп болғанымен, оның гликемиялық индексі жоғары. Сондықтан оны жиі тұтыну қандағы қант деңгейіне әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ дәрігер апельсинді де шамадан тыс жеуге кеңес бермейді. Ол С дәруменіне бай болғанымен, құрамында қант мөлшері жоғары.
Бұдан бөлек, манго мен бананды да шектеу ұсынылады. Бұл жемістер де көмірсуға бай және қандағы қанттың күрт көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Керісінше, киви, авокадо және көкжидекті (черника) жиі тұтынған жөн.
Әсіресе, көкжидек пайдалы, ол жасушалар мен мидың қартаюын баяулатады, гликемиялық индексі төмен және қабынуға қарсы әсері бар.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген