Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерлерін өртеп жіберген: Дәрігер төрт науқасын өлтірді деген күдікке ілінді

Берлинде дәрігер төрт науқасты өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dw.com

Дәрігер 11 маусым мен 24 шілде аралығында өзінің қарауындағы төрт науқасты өлтірді, сондай-ақ қылмысын жасыру үшін науқастардың үйлерін өртеп жіберді деген күдікке ілінген.

Полицияның мәліметінше, 11 маусымда Нейкольн ауданында дәрігер 87 жастағы қарияны өлтіріп, кейін оның пәтерін өртеп жіберген. Өрт сөндірушілер келген соң құтқарушылар әйелді құтқарып үлгерген. Алайда кейін зейнеткер ауруханада көз жұмды.

Кейінірек, 8 шілде күні дәрігер Нойкельн ауданының Майкл-Боннен-Ринг көшесіндегі пәтерде 76 жастағы әйелді өлтірген. Алайда пәтерді өртеу әрекеті сәтсіз аяқталды, өрт өздігінен сөнген көрінеді. Мұны білген дәрігер әйелдің туысына хабарласып, әйелдің пәтерінің қоңырауын соғып жатқанын, бірақ ешкімнің жауап бермейтінін айтқан.


Германияда 60 жастағы науқас ВИЧ инфекциясынан емделіп шықты


Бір аптадан кейін, 15 шілдеде күдікті 94 жастағы әйелді өлтіріп, кейін оның ас үйін өртеп жіберген. 24 шілдеде Плентервальд ауданында 72 жастағы зейнеткер өлтіріліп, оның да пәтері өртенген.

Тергеуді Берлин криминалдық полиция басқармасы мен қалалық прокуратура өз қолына алған. 6 тамызда күдікті дәрігер тергеу изоляторының судьясының алдында жауап берді.

Соттың мәліметінше, зейнеткерлердің баспанасы негізінен көпқабатты үйлерде болған, сондықтан пәтерлерді өртеген кезде басқа тұрғындарға зиян келген, тіпті тұрғындардың кейбірі жарақат алған. Қазір дәрігердің қылмысты жасаудағы ниеті мен жасау тәсілі тергеліп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Германияда тұратын қазақстандық әйелдің із-түссіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен әйелдің мәйіті полиэтилен пакетте оралған күйінде табылған еді. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Талқылау