Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында турист жардан құлап кетті (видео)

Турист жарақат
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысындағы Букреев шыңы маңында құтқарушылар 3 010 метр биіктіктен зардап шеккен турист қызды құтқарды. Жартастан құлап, басынан жарақат алған қызды тасымалдау үшін тікұшақ пайдаланылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зардап шеккен турист қызды Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы "Барыс" қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметімен бірлесіп эвакуациялады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жартастан құлап, басынан жарақат алған және өздігінен әрі қарай жүре алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін оқиға куәгері оған алғашқы көмек көрсеткен.

Зардап шеккен қызды эвакуациялау үшін "Қазавиаспас" АҚ тікұшағы тартылды. Таулы жерден көтерілгеннен кейін қызды "Медеу" тікұшақ алаңына жеткізіп, одан әрі медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 19 Шілде, 2026 13:04