Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық ер адам әйелін өлтірмек болды деп айыпталды

науқас зорлық-зомбылық
Фото: pexels.com

Ақтауда ер адам әйелін соққыға жығып, бірнеше жерден пышықтады деп айыпталды. шабуыл жасалды. Ол күдікті ретінде қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік жағдайдың 14 шілде күні 14 шаныауданда таңғы сағат 4 пен 6-ның аралығында болғаны айтылды. 

Зардап шеккен әйелдің туыстары жәбірленушінің күйеуімен ажырасқалы жүргенін айтты. Ерлі-зайыпты төрт бала тәрбиелеп отыр. Жақындарының айтуынша, күдікті әйелді “сені, балаларыңды, жақындарыңды” өлтіремін деп қорқытқан. Оқиға болатын күні де таңғы уақытта әйелді балаларымен бопсалап сыртқа шығарған.

“Әпкем кездесуге барды, сол жерде оны ұрып, бірнеше жерден пышақтаған. Қазір әпкем ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Біз болған жағдайды видеоға түсіріп алған куәгерлерді здеп жатырмыз”, – дейді жәбірленушінің туысы.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала анықталғандай, жәбірленушіге отбасылық-тұрмыстық жанжал кезінде зардап шеккен. Ол ауруханаға жатқызылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Ал күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 19 Шілде, 2026 15:44