Дәрігер іштегі желді шығармай ұстаудың денсаулыққа зиян екенін айтты
Гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Елена Бутенко іштегі желді шығармай, үнемі ұстап жүру асқазан-ішек жолына зиян болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, дені сау адамда тәулігіне 1,5 литрге дейін ішек газы түзіледі. Қалыпты жағдайда бұл газдар ағзадан еркін шығуы керек.
Егер газ сыртқа шықпаса, оның құрамындағы кейбір заттар, соның ішінде күкіртсутек, метан және көмірқышқыл газы қанға сіңіп, ағзада улану белгілерін тудыруы мүмкін.
"Газды ұстап жүру ішекте оның жиналуына әкеледі. Салдарынан іштің керілуі, қатты кебу, түйіліп ауырсыну, жайсыздық және жүрек айну пайда болуы мүмкін. Табиғи қажеттілікті үнемі басу ішек қабырғасының шамадан тыс созылу қаупін арттырып, созылмалы ауырсыну синдромы мен іш қатудың дамуына әкелуі мүмкін", – деді Бутенко.
Дәрігердің сөзінше, бұл әдеттің басқа да салдары бар. Мысалы, жамбас түбі бұлшықеттерінің әлсіреуі, тітіркенген ішек синдромының дамуы және ас қорыту процесінің нашарлауы мүмкін.
Қазақстандық банк қолданушылары шоттан жаппай ақша жоғалғанын байқаған: Банктің жауабы қандай
Freedom Bank баспасөз қызметі мәселені шешіп жатқанын мәлімдеді
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
