Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Дәрігер сыр жегеннен туындайтын қауіпті аурулар жайлы айтты

Cыр ақуыздарға, кальцийге, дәрумендер мен амин қышқылдарына бай болғанына қарамастан, оны күнделікті нормадан асырмай сақтықпен қолданған жөн. Нутрициолог-дәрігер оны қалай қолданған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мәскеу 24"-ке сілтеме беріп.

"Негізгі тағамға қоспа ретінде болса, 20-30 грамм сыр жеуге болады, егер жеке тағам болса, 50 грамнан артық емес", — деді нутрициолог-дәрігер Айгүл Фазлиева.

Сырды нормадан жоғары тұтынған жағдайда холестерин деңгейі артады, бұл артық салмақ жинау қаупін тудырады. Сондай-ақ, сырдың құрамына назар аудару керек. Маманның айтуынша, оның құрамында натрий нитраты, пальма майы, өсімдік майы болмауы керек, өйткені олар несеп-жыныс жүйесінің ауруларын тудыруы мүмкін және жалпы денсаулықты нашарлатады.

"Егер лактозаға (сүт қантына) төзбеушілік болса, онда үш айдан астам уақыт тұрғызылған сырды таңдаған дұрыс. Мысалы, пармезан, чеддар, эмменталь", — деп түсіндірді Фазлиева.

Ол сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары аурулары, гипертония және жоғары холестерині бар адамдарға майлы сыр жеуден бас тартқан дұрыс. Мұндай жағдайларда сырдың майлылығының мөлшері 20% -дан аспауы керек.

STAN.KZ
Жексенбі, 13 Ақпан, 2022 17:08
Талқылау