Дәрігер шұжықтың пайдасы туралы айтты
Шұжықтар тек дәмді тағам ғана емес, сонымен қатар ағзаға өте пайдалы өнім. Әрине оның пайдасы көбінесе сапасына байланысты болады. Бұл туралы гастроэнтеролог Инна Мазко мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Комсомольская правдаға" сілтеме жасап.

"Шұжықтар әртүрлі ет түрлерінен, тіпті қаннан жасалады, сондықтан олардың ағзаға әсері әртүрлі", - деп атап өтті ол.
Мысалы, қан шұжығында темірдің мөлшері көп, сондықтан оның шаршағыштыққа, тіпті қан жоғалтуға оң әсерін тигізеді және анемияны жеңуге көмектеседі.
Жалпы, ГОСТ-қа сәйкес дайындалған шұжықтар - ет, дәмдеуіштер, майлар мен ішектерден жасалып, ақуыздардың, майлардың және дәрумендердің керемет көзі болып табылады.
Сонымен қатар құс етінен немесе диеталық сиыр етінен жасалған шұжықта, керісінше, майдың мөлшері аз, сондықтан жүрек-қан тамырлары жүйесіне ешқандай зиян келтірмейді. Мұндай шұжықтардың құрамындағы белоктар организмге оңай сіңеді. Бұлар, өз кезегінде, бұлшық еттерге «отын» ретінде қызмет етеді.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек