Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер салғырттығының құрбандары: Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың ата-аналары жеңілдетілген білім беру гранттарын талап етуде

Шымкентте 2006 жылы жаппай ВИЧ инфекциясын жұқтыру болған. Дәрігерлердің салғырттығынан 150-ге жуық бала иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған. Дерт жұқтырған балаларға білім алу қолжетістіз болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

 

Аурудың салдарынан 150 баланың 26-сы көз жұмды.

Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған балалардың басым бөлігі мектеп бітіріп, кәсіп табуды жоспарлап отыр. Бірақ олар білім алуда қиындықтарға тап болған. Ерекше жасөспірімдердің ата-аналары үшін коммерциялық негізде білім алу қолжетімсіз болып шықты.

"Қазір мен жұмыссызбын, жұмыс іздеп жүрмін. Біз тек жәрдемақыға өмір сүреміз. Қызым оқығысы келеді, қатарластарымен бірге жүргісі келеді. Баламның қалауының орындалмайтынын айта алмаймын. Бірақ қазір оның арманын орындауға мүмкіндігім жоқ", – дейді ВИЧ індетін жұқтырған жасөспірімнің анасы Айжан.

Баланың диагнозын білген күйеуі Айжанды тастап кеткен. Содан бері әйел үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Қызым биыл мектеп бітірді, арманы мұғалім болу. Алайда, отбасының қызды университетте оқытуға мүмкіндігі жоқ. Жарты миллион теңге Айжан үшін үлкен ақша. 

Иммун тапшылығы вирусына шалдыққан жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған ондаған жалғызбасты аналар осындай проблемаға тап болды. АИТВ жұқтырған балалардың аналарының одағы қоры ВИЧ індетін жұқтырған жасөспірімдерге білім алу үшін арнайы гранттар бөлуін талап етіп, үкіметке үндеу әзірлеп жатыр.

"Бұл балалар үшін мүмкіндік болуы керек. Жалпы білім беру гранттары түріндегі қолдау көрсету керек. Бұл бала осы бағдарламаны ұстанып, меңгеруге үлгере ме, ол екінші мәселе. Ол баланың өзіне байланысты. Бірақ білім алғысы келген баланы біліммен қамтамасыз ету мүмкіндігі, оқу мүмкіндігі жоқтығын ескере отырып, мемлекет тарапынан назар аударылып, грант түрінде қолдау көрсетуі керек деп есептеймін", – дейді "Қазақстанның ВИЧ індетін жұқтырған балалардың аналарының одағы" қоғамдық қорының жетекшісі Әлия Масаурова.

Ал ғылым және жоғары білім министрлігі иммун тапшылығы вирусына шалдыққан жасөспірімдерге грант берілетінін, бұл үшін арнайы жоспар әзірленіп жатқанын айтты.

"Біздің министрлік қолданыстағы заңнама аясында бұл балаларға көмек көрсету жолдарын іздестіретін болады. Көпшіліктің ортақ негізде әрекет ету мүмкіндігі болады деп ойлаймын. Жергілікті атқарушы органдар бөлетін арнайы гранттар бар. Мүмкін демеушілік жасаған да шығар”, – дейді ғылым және жоғары білім министрлігінің департамент директоры Гүлжан Жарасова.

Қазір Шымкентте ВИЧ індетін жұқтырған 75 бала бар, олар 16-18 жасқа толған. Олардың 15-і ғана жоғары білім алады.

Министрлік бұл мәселеге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын тартуды жоспарлап отыр. Арнайы студенттерге қазір арнайы жеңілдіктер, ал кейбір жағдайларда тегін оқу ақысы қарастырылуда.

Талқылау