Дәрігер С дәрумені жайлы аңызды жоққа шығарды
Дәрігер Александр Мясников С дәруменін тұмау кезінде қосымша қабылдауға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, дәруменді тұрақты ішу ағзаға кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Бізге С дәруменін профилактика үшін қабылда деп айтып жатады. Алайда бұл ешқандай дерттің алдын алмайды", - деп түсіндірді Мясников.
Оның сөзінше, С дәруменін көп мөлшерде қабылдау тұмаумен ауыру уақытын қысқартатыны туралы айтылған ғылыми зерттеулер көп.
Дәрігер COVID-19-дан да қауіпті эпидемия жайлы айтты
"Аталмыш дәруменді тұрақты түрде қабылдаудың қажеті жоқ. Тек қосымша дәрумен ретінде ғана болады. Егер тұмауратып қалсаңыз, 3-4 күн С дәруменін қабылдаңыз. Бұдан ағзаға зиян келмейді. Дегенмен міндетті түрде қабылдаудың қажеті жоқ", - деп қосты ол.
Айта кетейік, бұған дейін Александр Мясников маска тағы мен өзге де карантиндік шектеулердің омикрон штамы алдында дәрменсіз екенін айтқан.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты