Дәрігер "постковидтік" синдромнан қалай айығуға болатынын айтты
"Постковидтік" синдромнан айығу үшін спортпен айналысу – таптырмас құрал. Бұл туралы ресейлік дәрігер-терапевт Ярослав Ашихмин Lenta.ru-ға мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Постковидтік синдромнан ешқандай дәрі айықтырмайды. Көптеген адамдар келіп жатыр. Барлығы дәрі сұрайды, уайымдайды. Бұл жерде жалғыз көмектесетін нәрсе – оңалту курсы. Ал постковидтік оңалту біртіндеп физикалық ауырлықты арттырудан тұрады", – деді дәрігер.
COVID-19-бен ауырып шыққан адамға спорттың нақты бір түрімен айналысуға кеңес берілмейді. Адам өзінің жаны қалайтын спорт түрімен айналысса болады.
"Дерт неғұрлым ауыр болса, соғұрлым физикалық күш түсіру маңызды екенін түсіндік. Егер ешқандай қарсы көрсетілім болмаса, адам өзін бірқалыпты сезінсе, жүрегі жақсы жұмыс істеп, өкпесінде ақау болмаса, спортты кеңес ету қажет", – деді маман.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген