Қытайда коронавирус жұқтырған бір тұрғын үшін дүкендегілердің барлығын карантинге жауып тастаған
Қытайда COVID-19 жұқтырған адамдарды супермаркетке қамап қойған. Дүкенге келушілердің бірінен вирус жұқтыру көрсеткішінің оң нәтижесі анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа қарағанда, олимпиада ойындарының өтіп жатқанына байланысты елде қатаң шектеу шаралары қабылданған. Қытайдағы супермаркеттердің бірінде келушілердің бірінен коронавирус инфекциясы анықтала салысымен, дүкенді ішіндегі халықпен бірге карантинге жауып тастаған. Осылайша адамдар азық-түлік сөрелерінің жанында ұйықтап, сол жерде тамақтануға мәжбүр күйге түскен.
Бұған дейін Бейжіңде олимпиада ойындарының қарсаңында COVID-19 инфекциясының күрт өсіп кеткені туралы хабарланған. Билік өкілдері кейбір жергілікті аудандарға кіріп-шығуға шектеу қойылатынын айтқан.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген