Дәрігер маман кейбір жемістердің бүйрек ауруымен ауыратындар үшін қауіпті екенін ескертті
Нефролог, медицина ғылымдарының кандидаты Екатерина Иванова бүйрек аурулары бар жандарға пайдаланбау керек өнімдерді атады. Бұл органның жұмысында созылмалы бұзылулары бар адамдар үшін калийге бай жемістер қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иванова кептірілген өрік, қара өрік және банандарда калийдің көп мөлшері бар екенін атап өтті.
"Бұларды тұтынуда өте сақ болу керек. Әсіресе жазда артық тамақ ішудің қажеті жоқ", - дейді дәрігер.
Маманның айтуынша бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың ағзасында калий жиналады. Бұл элементтің артық болуы жүрек жұмысының бұзылуына әкелуі мүмкін.
"Калийдің жоғары мөлшері алтыдан көп болған жағдайда жүректің жұмысы баяулауы мүмкін, тіпті тоқтауы да мүмкін. Бұл бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды бақылау үшін өте маңызды көрсеткіш", - деді дәрігер.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"