Дәрігер күнге күйген кезде денеге айран жағудың қауіптілігін айтты
Хирург Александр Умнов күнге күйгеннен кейін теріге айран немесе қаймақ жағуға болмайтынын ескертті. Бұл күйген денеде одан әрі асқынуларды туындатады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Умнов айтуынша көпшілік халықтық емге сүйеніп айран мен қаймақ қызарып күйген жерге жағуды әдетке айналдырған.
"Мүмкін, бұл миф теріге салқын өнімдерді қолданған кездегі салқындық сезімі болғандықтан туындаған шығар. Алайда, бұл қаймақ немесе айранның емдік әсері бар деген сөз емес. Бұл өнімдер жағдайды шынымен жеңілдете алмайды ", - деді Умнов.
Ол айран мен қаймақ құрамында күйікті арттыратын сүт қышқылын түзетін лактобактериялар болатынына назар аударды.
“Қышқыл мен айран бактериялық инфекцияны тудыруы мүмкін. Тамақ құрамындағы май дененің зақымдалған аймағында патогендік флораның көбеюі үшін орта болып табылады. Күйік майлардың, лосьондардың және кремдердің әсерінен де қабынады", - деді дәрігер.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр