Дәрігер бауырға зиянды өнімдерді атады
Дәрігер, тележүргізуші Александр Мясников қандай сусындар мен тағамдар адамның бауырына орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, ер адам үшін аптасына арақтың 200 грамм дозасын, ал әйел үшін бар болғаны 140 грамм ішу өлімге әкеп соғады. Сонымен қатар, цирроз сияқты жағымсыз аурулар кезінде мастық қана емес артық тамақтану да қауіпті.
"Міне, сіздің тәтті тоқаштарыңыз, тұшпара, котлет, шұжықтар және басқалар — бәрі бауырдың майлы инфильтрациясына және алкогольсіз стеатогепатозға (бауыр жасушаларында май жиналатын ауру) әкеледі.
Дәрігер бауыр жеткіліксіздігі бар науқастар ұзақ ауырып, өлімі де ауыр болатынын атап өтті: олар терлейді, қан кетеді, қанмен құсады. Жыл сайын В және С гепатитінен миллионнан астам адам көз жұмады.
Дәрігер адамдарды артық тамақтанудан сақтанып, бауырдың жағдайына мұқият қарауға шақырды.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”