Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйегім ауыр": Артық салмақтан арыла алмай жүргендер жиі айтатын 4 сылтау

Артық салмақ, семіздік адамға қолайсыздық қана тудырып қоймай, денсаулыққа кері әсер ететіні белгілі. Алайда артық салмақтан арыла алмай жүргендердің әрекет етудің орнына, ақталып, сылтау айтатындар да баршылық. Дәрігер семіздікпен күресіп жүргендерден жиі еститін сылтаулар жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Зат алмасу процесі бұзылған”

Артық салмағы болса да, метоболизмі жақсы, қан қысымы, ағзасында қант пен холестерин мөлшері қалыпты, ешқандай созылмалы аурулары жоқ адамдар болады. Мысалы, қант диабетімен ауыратына адамдарға артық салмақтан арылу қиынға соғады. Енді бірі ораза ұстап, ашығып зат алмасу жұмысын өзі бұзып алады. 

“Егер адам тамақты аз жеп немесе ашығатын болса зам алмасу процесі күрт төмендейді. Жүрек, бүйрек пен жасуша мембраналары қалыпты жұмыс істеу үшін адамға 22 коллория қажет. Ал ашыққан кезде ағза үнемдеу керегін түсініп, 15 коллорияға дейін азайтады. Салдарынан метоболизм де 15-ке дейін төмендейді. Осылайша ол артық салмақ жинай береді. Коллория азайғандықтан, ағза грелинді арттырып, метаболизмді баяулатады”, – дейді дәрігер Александр Мясников. 

“Сүйегім ауыр”

Дәрігердің айтуынша, мұнда сүйек ауырлығының қатысы жоқ. 

“Сүйек емес, бұлшық ет пен май ауыр тартады. Иә, белгілі бір бұлшық ет мөлшерін қажет ететін сүйектер бар. Бірақ бұл “арықтау мүмкін емес” дегенді білдірмейді. Бұл жәй ғана сылтау”, – дейді маман.

“Генетикама байланысты арықтай алмаймын”

Артық салмақпен күресу жолында генетиканы ескерусіз қалдыра алмаймыз. Мұндайда диета да көмектеспеуі мүмкін. Егер дене салмағының индексі шектен тыс өсіп, 30-35-ті көрсетсе және ол адам қант диабетімен ауырса диета арқылы салмақ тастауға болады. Ал көрсеткіш одан жоғары болса бариатриялық хирургияның көмегіне жүгінуге тура келеді. 

“Жас келген сайын артық салмақтан арылу қиынға соғады”

“Мұнда мәселе метаболизмнің баяу жұмыс істеуінде. Алайда дәрігер Александр Мясников егде жастағы адамдардың сәл салмақ қосқаны абзал деп санайды. 

“Жасы келген кісілердің жүдеу болғаннан көрі, аздап салмақ қосқаны дұрыс. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Тіпті олардың дене салмағының индексінің нормалары да әртүрлі. Жастардікі 18 болса, үлкендер 20-22 қалыпты жағдай”, – дейді дәрігер. 

Ол бей-берекет диета ұстап, ашыққанша, ақылға салып, дұрыс жолмен арықтауға шақырады. 

Талқылау