Дәрігер аптап ыстықта әлсіздіктен құтылып, сергек болып жүруге көмектесетін тәсілдерді атады
Медицина маманы Любовь Дроздова ыстық күнде әлсіздіктен құтылып, сергек болып жүрудің бірнеше тәсілін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Дәрігер бірінші кезекте өнімді жұмыс кестесі мен қызыққа толы жоспарланған демалыс ыстық мезгілде сергектікті сақтауға көмектесетінін жеткізді.
Оның айтуынша, жоспармен, кестемен жұмыс істеп, қозғалыста болу біріншіден күйзелісті азайтуға көмектеседі.
"Сонымен қатар суды жеткілікті мөлшерде тұтыну, дәрумендерге бай жеңіл тағамдарды таңдау, ашық ауада серуендеу өте маңызды", — деп қосты маман.
Ыстықта ыңғайлы жұмыс істеу үшін желдеткіштерді пайдалану керек.
Дроздова сондай-ақ жеңіл киім киюге, кофеин мен алкогольден бас тартуға кеңес берді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған