Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева не себепті Сенаттан кетті? Саясаттанушы пікір білдірді

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Сенат спикерінің орнына кім тағайындалады деген сұраққа ел толғанып жатқанда, саясаттанушылар Дариға Нұрсұлтанқызының орнынан кетуінің бірнеше себептерін болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саясаттанушы Андрей Чеботарев өзінің Facebook-тағы парақшасында өзінің ойын білдірді.

"Әкесі президент боп тұрғанда 2006 жылы тағайындалған ол (Дариға Назарбаева - авт.) заң бойынша сенатор ретінде 6 жыл (2021 жылға дейін) отыра алар еді. Оның 2019 жылы жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қайта тағайындалуы алдын ала келісілген болып отырған тәрізді", - деп жазды ол парақшасында.

Ол Дариға Назарбаеваның соңғы уақыттардағы белсенділігін: БАҚ-тың оның сөздерін жиі жариялағанын да атап өтті.

"Назарбаева ханымның 2003 жылдан бергі саяси мансабы, өзінің "Асар" партиясын құрып, оған басшылық етуі оған ары қарай жылжуға мүмкіндік бар екендігін көрсетеді, бірақ оның да шегі бар. Яғни оның позициясына басымдық беруге байланысты белсенді әрекеттер байқалса, бірден бейтараптандыру шаралары қолданылады. Вице-премьер болып отырғанда осындай жағдай болған және қазір де қайталанып отырған сыңайлы", - дейді Чеботарев.



Саясаттанушының сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев елдегі жағдайға әсер ету тетіктерін сақтап қалған, сондықтан Дариға Назарбаеваның Сенаттан кетуі келісілген.

" Былтырғы жылдың соңында оны «Nur Otan» партиясының төрағалық позициясына дайындап жатуы мүмкін деуге айтарлықтай негіз болды. Осы арқылы парламент сайлауына түсіп, Мәжіліске ауысу мүмкіндігі қарастырылды... Дариға Назарбаева үшін тағы бір сәтті мүмкіндік - мемлекет басшылығына вице-премьер ретінде қайта оралуы... Ол былтырғы жылдан бастап әртүрлі салаларда бастамалар мен ұсыныстарын білдірді және билік сол нәрселерді дәл өзіне жүзеге асыруды тапсыруы мүмкін", - дейді саясаттанушы.

Талқылау