Дариға Назарбаева Лондондағы үйін сатылымға шығарды
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Лондондағы үйін сатылымға шығарды. Зәулім сарай 9 млн фунт стерлингке бағаланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Freedom for Eurasia-ға сілтеме жасап.

Дариға Назарбаеваның бұл үйді 2008 жылы 9,3 млн фунтқа сатып алғаны атап өтілген. Дариға Назарбаева үйді өзі сатып алған бағадан төмен бағада сатылымға шығарып отыр (9 млн фунт - 5,67 млрд теңге).
Айта кетейік, Дариға Назарбаева 25 ақпан күні парламент мәжілісінің депутаты мандатын тапсырды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты