Қазақстанда заңсыз дәрі-дәрмек сатқан 138 дәрігер ұсталды
Полиция 138 дәрігерді дәрі-дәрмекті заңсыз сатқаны үшін ұстады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр 5 шілдеден бастап қымбаттатылған бағамен сатылған 65 мыңнан астам дәрі-дәрмек, жарты миллион медициналық маска және 36 мың медициналық мақсаттағы бұйым заңсыз айналымнан шығарылғанын айтты.
"Ішкі істер органдары дәрі-дәрмектің заңсыз сатылуының 348 фактісін болдырмады. Полицияға 284 адам жеткізілді, олардың 138-і медицина қызметкерлері. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында ірі партиялар тәркіленді. Тәркіленген медициналық препараттар кейіннен денсаулық сақтаудың аумақтық органдарына өткізіледі", - деді Тұрғымбаев.
Сонымен қатар, ол Президентке Қазақстандағы карантиндік бұзушылықтар туралы баяндады.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр