Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектерді сатып алу жүйесі өзгереді

Қазақстанда амбулаториялық қамтамасыз ету аясында дәрі-дәрмектерді жекелендірілген сатып алу жүйесіне көшу жоспарлануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы айтарлықтай кеңейтілген, егер 2018 жылы бұл мақсатқа 87,2 миллиард теңге бөлінсе, 2026 жылы жоспарланған қаржыландыру көлемі 337 миллиард теңгеге жетеді. Ал тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтар саны 2018 жылғы 1,9 миллионнан 2025 жылы 3,4 миллионға дейін артқан.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қолданыстағы жүйенің өзгеретінін хабарлады.
"Қазақстанда 3,4 миллион адам тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі және осы көрсеткіш бойынша біз көптеген елден жоғары тұрмыз. Бірақ қолданыстағы модельде дәрі-дәрмектердің нақты тұтынылуы әрдайым ескеріле бермейді. Сондықтан осы жылдан бастап біз жекелендірілген өтінімдер жүйесіне көшеміз", – деді вице-министр.
ОқыңызОның айтуынша, жаңа жүйе "дәрігер не тағайындаса, соны сатып алып, науқасқа беру" қағидаты бойынша жұмыс істейді.
"Жаңа модельге көшу медициналық ұйымдар мен цифрлық жүйелердің интеграциясын қажет етеді. Бұл – цифрлық платформа, цифрлық мониторинг. Осы жылы жаңа жүйеге көшеміз, ал 2027 жылы науқасқа қажетті, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді беретін боламыз", – деді Мұратов.
Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе әр адамның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, емді жекелей таңдауға мүмкіндік береді.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда үкімет арзан дәрілердің бағасын бақылауды тоқтататыны туралы жазған едік.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады