Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Төлешова: Джениффер Лопеспен дуэт айтуды армандаймын

Украинада өткен “Голос. Діти” байқауының жеңімпазы, алматылық Данэлия Төлешова шетелдегі байқауға қалай тап болғанын әңгімелеп берді. Ол Димаш Құдайберген мен Дженнифер Лопесті сүйіп тыңдайтынын айтты. Сондай-ақ, мектептегі оқу үлгеріміне алаңдайтынын жасырмады.

Бұл туралы Данэлия блогер Айтуар Әлібековке берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Құдайбергеннен кейін шетелді бағындырған қазақ әншісі – Данэлия Төлешова. Сүйікті әншілері – Дима Монатик (Украинадағы жобада Данэлияға тәлімгер болған әнші), Димаш Құдайберген және Дженнифер Лопес. Сондай-ақ, Данэлия қазақ әншілерінен Жанар Дұғалова мен Адэмидің жанкүйері болып шықты.

Данэлияның айтуынша, анасы оның ән айтуына, әсіресе музкалық жобаға қатысуына қарсы болған. Себебі:

“Анам оқуым үшін уайымдады. Мен үшін де білім алу бірінші орында, сондықтан да қазір тоқсанды бестікке аяқтамай қалуым мүмкін дегенді ойлап, алаңдап жүрмін. Бірақ сыныптастарымды қуып жетуге барынша тырысамын”, – дейді Данэлия.

Алматылық жеткіншек Украинадағы жобаға қалай тап болғанын түсіндіре алмады. Айтуынша, оны “Голос.Діти” шоуына Құдайдың өзі жіберген.

“Неге Украинадағы “Голос” жобасы деп сұрасаңыз, білмеймін. Мүмкін Құдайдың өзі мені сонда жіберген шығар, ол үшін алғысым шексіз”, – дейді Данэлия..

Украина сахнасын бағындырып келген Данэлия болашақта әйгілі америкалық әнші Дженнифер Лопеспен бірге дуэт айтуды армандайды.

“Ол өте еңбекққор, әнді керемет айтады, күшті қозғалады, өзінің жасында өте сымбатты көрінеді. Джей Лоның әніне кавер жазу ойымда бар, мүмкін оны белгілесем, ол мені байқап, күндердің күнінде шақыратын шығар”, – деп үміттенеді Данэлия.

Жіберіп алмаңыз: 

Айсәуле Бақытбек: Төреғалиді сынап, оған өлең арнау нағыз “колхоздың” ісі

Димаш Құдайберген қос бірдей марапатқа ие болды

Ішімдік ішпеген: Дәрігер Төреғалидің денсаулығы жайлы шындықты айтты (видео)

Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

Талқылау