Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды
Олимпиада және IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жекке шықпайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: IBA
Данияр Елеусінов 27 сәуірде Алматы қаласында өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы жекпе-жекке шықпайтын болды. Отандасымыз жарақат алуына байланысты кездесуден бас тартты. Оның орнына өзбекстандық спортшымен Талғат Шайкен жұдырықтасады. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 71 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Өзбекстандық былғары қолғап шебері жанкүйерлерге етене таныс. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген еді.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

