Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова танымал America's Got Talent телешоуының финалында өнер көрсетті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мен America's Got Talent финалында өнер көрсеттім! Мен шын мәнінде бақыттымын, біз мұны жасадық! Сіздерді қатты жақсы көремін!", - деп жазды Instagram парақшасында әнші қыз.

Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың "Аlive" әнін орындады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by America's Got Talent - AGT (@agt) on

Қазақстандық әнші жанкүйерлерінен өзіне дауыс беруін сұрады.

"Бүгін сол түн. Маған бәрі керек! America's Got Talent-те жеңу үшін маған дауыс беріңіздер! Рақмет!", - деп жазды ол.

Финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер. Енді, жобаның алдыңғы екі турындағы сияқты, бір тәулік ішінде финалистерге дауыс беру өтеді, нәтижелері ертең жарияланады.

Талқылау