Данэлия Тулешова America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті
Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова танымал America's Got Talent телешоуының финалында өнер көрсетті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мен America's Got Talent финалында өнер көрсеттім! Мен шын мәнінде бақыттымын, біз мұны жасадық! Сіздерді қатты жақсы көремін!", - деп жазды Instagram парақшасында әнші қыз.
Данэлия Тулешова атақты шоудың финалында австралиялық әнші Сианың "Аlive" әнін орындады.
Қазақстандық әнші жанкүйерлерінен өзіне дауыс беруін сұрады.
"Бүгін сол түн. Маған бәрі керек! America's Got Talent-те жеңу үшін маған дауыс беріңіздер! Рақмет!", - деп жазды ол.
Финалға 10 әртіс қатысты, олардың 6-ы әр түрлі жастағы вокалистер. Енді, жобаның алдыңғы екі турындағы сияқты, бір тәулік ішінде финалистерге дауыс беру өтеді, нәтижелері ертең жарияланады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған