Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Данагүл Темірсұлтанованың қызы түсірілім алаңында өліп қала жаздады
Танымал актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы, отандық жас актриса Айым Сейтметова аллергия салдарынан өліп қала жаздағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Жас актрисаның айтуынша, ол түсірілім алаңында жүрген кезде ұстамасы ұстап қалған.
«Кеше аллергиядан өліп қала жаздадым. Тура түсірілім алаңында жүрген кезде ұстамам ұстап қалды.
Десе де биыл аллергия мүлде мазаламағен еді. Ал кеше аяқ астынан қатты ауырып қалдым», – деп жазды Айым Сейтметова Instagram-парақшасында.
Сондай-ақ, актриса қазіргі уақытта өзін айтарлықтай жақсы сезінетінін айтты.
Өз кезегінде Сейтметованың желідегі оқырмандары оның жағдайына алаңдап, сауығып кетуін тілеп жатыр.
Айта кетсек, Айым танымал отандық жұп – Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Ол “Жібек” телехикаясына түскеннен кейін көрерменге танылды. Бүгінде Айым нағыз Instagram жұлдызы әрі танымал Yuframe вайнерлер тобының бір мүшесі.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген