Дамир Ысмағұлов кәсіби карьерасында 3-жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық Дамир Ысмағұлов UFC аралас жекпе-жектегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 31 тамыз күні Қытайдың Шэньчжен қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде бақ сынасты. Оның қарсыласы бразилиялық Тиаго Мойзес болды.
Жекпе-жек үш раундқа созылып, Ысмағұлов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті.
28 жастағы Ысмағұлов осы күнге дейін кәсіби карьерасында 20 жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңілген. Ал 24 жастағы Мойзес кәсіби карьерасында 16 жекпе-жек өткізген. Енді оның қоржынында 12 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"