Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәлел болатын фото-видео бар": "Меломен" тобының экс-әншісіне қатысты тың дерек шықты

“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлына қатысты экс әйелі тағы бір шындықтың бетін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nurillaakbergen/

Блогер өзін қорлатудан шаршағанын айтып, бұдан былай өзін барынша қорғайтынын алға тартты. 

“Қашан әйелді ақымақ етіп, өзі ақылды болған еркекті көрдіңіздер?! Мен оны алты жыл бойы көрдім! Шыдауға міндетті емеспін! Айтуға құқылымын! Қорлатпаймын! Қорлатудан шаршадым! Мен өзімді қорғаймын. Ақталуға міндетті емеспін! Бірақ, маған қара күйе жағудан шаршамасаңыздар, менде дәлел фото-видео бар", – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, зорлық-зомбылық көрген әйелді қолдап жатыр. 

“Қателеспейтін адам жоқ. Көз жасыңды сүртіп, еңсеңді көтер”, “Әйелдің жауы – әйел”, “Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды, демек күйеуінің бір шикілігі болып тұр”, “Қателессе де ұруға болмайды”, “Бүкіл әншілер Ғабитті қолдап жатыр екен”, – деп жазды қалың көпшілік. 

Еске салайық, "Меломен" тобының жігіттері басы дауға қалған топ мүшесіне қолдау білдірді. 

 

Талқылау