Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағыз көріпкел: Жандарбек Бекшиннің ерекше қасиеті бар екені анықталды

Stan.kz ақпарат агенттігінің редакциясына Қазақстан экстрасенсорика орталығының өкілі хабарласты. Өзін көріпкелмін деп таныстырған Руслан Дуагеров Жандарбек Бекшинмен қалай байланысуға болатынын сұрады. Оның айтуынша, Алматының бас санитарлық дәрігерінің адам айтса наңғысыз қабілеті бар.

"Жаңалықтарды көп қарамаймын, бірақ жақында теледидардан кездейсоқ  Жандарбек Бекшинді көрдім. Оның нағыз көріпкел екенін 100% сеніммен айта аламын. Меніңше, ол адамдардың ойын оқып, болатын оқиғаларды алдын ала болжай алады", - деді Дуагеров.

Бекшиннің өткен жылдың наурыз айында Қазақстанға коронавирустың қашан пайда болатынын дәл айтқаны көпшіліктің есінде. 

Жақында Жандарбек Мұхтарұлы коронавируспен ауыратындардың санын айна-қатесіз айтты. Бір күн бұрын...

15 наурызда, дүйсенбіде Бекшин өткен күннің - жексенбінің статистикасын жариялады. Сөзінше, Алматыда 297 адам коронавирус жұқтырған. Дегенмен денсаулық министрлігінің мәліметінше, бұл сандар тек сейсенбінің көрсеткішімен тұспа-тұс келді. Яғни, ол бір күн бұрын ертеңгі мәліметтерді сезіп қойған.

"Міне, сіздерге дәлел", - дейді Дуагеров. Оның пікірінше, "егер Жандарбек Мұхтарұлының бұл қасиетін дұрыс пайдалансақ, онда адамдарды инфекциядан құтқарып, коронивирустың өршу кезеңін дәл анықтауға болады. 

"Егер мен Бекшиннің орнында болсам, теледидар арқылы суды зарарсыздандыруға тырысар едім. Ал бұл суды ішкен адамдардың ағзасында барлық вирустар мен микробтарды жойылар еді", - дейді Дуагеров.

Журналистер ақпаратты жеке дерек көздерден тексеруге тырысты. Аты-жөнін атағысы келмеген Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері басшыларының шынымен де ерекше қабілетке ие екенін растады. Ол вирус мен бактерия жұқтырғандарды алыстан сезеді екен.

"Неліктен Цой, Бекшин және Сағынтаев жақында бетпе-бет кеңес өткізді деп ойлайсыз? Жандарбек Мұхтарұлы ешқандай тестілеусіз вирус жұқтырған кез келген адамды сезіп, қуып жібере алады. Оның адамға немесе затқа бір рет қарағаны -  вирус қаупі бар-жоғын білу үшін жеткілікті. Сондықтан ол базарға бармайды. Өйткені барлық жерде бактериялар мен оған қарсы пестицидтерді айқын көреді", - дейді бөлім қызметкері.

Бекшиннің ұжымдағы оқиғаларды да болжай білетіні туралы аңыздар бар.

"Наконец-то" деп айтса болды, бір апта бұрын қандай жақсы немесе жағымсыз оқиғаларды сезіп қояды", - дейді әріптесі.

Жандарбек Мұхтарұлынан біздің журналистермен байланысуды сұраймыз.

Ал сайттың барлық оқырмандарын 1 сәуір - күлкі күнімен құттықтаймыз!!!

Талқылау