ДАИШ жетекшісінің мерт болғанын мәлімдеді
ДАИШ террористік тобы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) өзінің көшбасшысы Әбу Хасан әл-Хашими Әл-Құрашидің мерт болғанын мәлімдеп, жаңа басшыны сайлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alarabiya news сайтына сілтеме жасап.

Топ өкілі басшының көз жұмған күнін де, мән-жайларын да көрсетпестен, "Құдайдың жауларына қарсы шайқаста" өлтірілгенін айтты.
ДАИШ баспасөз хатшысы ұйымның жаңа көшбасшысын атады. Енді ұйымды Әбу әл-Хусейн әл-Хусейни Әл-Кураши басқарады.
Топтың алдыңғы жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Кураши 2022 жылдың ақпанында Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясындағы АҚШ шабуылы кезінде өлтірілді.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген