Цунами қаупі төнді: Жапонияда күшті жер сілкінісі болды
Жапонияның батысында 5, 6 және 7 баллдық жер сілкінісі болды. Билік адамдарға эвакуациялану қажетін ескертті, мыңдаған үй жарықсыз қалды, әуе және теміржол қатынастары бұзылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ното түбегінде болды. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты. Reuters агенттігінің мәліметінше, магнитудасы 7,6 балл жер сілкінісі Жапон теңізінің жағасында биіктігі 1 метрге жететін толқын тудырды. NHK телеарнасының хабарлауынша, толқын үлкеюі ықтимал.
Жапон метеорология агенттігі Исикава, Ниигата және Тояма префектураларының жағалауында цунами қаупі барын хабарлады. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Владивосток пен Находка қалаларында да цунами қаупі бары хабарланды.
- 2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгереді
- 2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала қанша көлемде төлем алады?
Жер сілкінісі Токиода да сезілген. Коммуналды қызмет көрсететін Hokuriku Electric Power компаниясының мәліметінше, Исикава және Тояма префектураларында 36 мың отбасы жарықсыз қалған. Japan Airlines Ниигата және Исикава префектураларына апаратын рейстердің көбін тоқтатқан.
Жапония ядролық реттеу басқармасының мәлімдеуінше, Жапон теңізі жағасында орналасқан атом электр станцияларында ақау байқалмаған.
Жапония сондай-ақ дүйсенбі күнгі 7,5 баллдық жер сілкінісінен кейін құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына көмектесу үшін 1000 әскер жіберіп жатыр, деп хабарлады елдің қорғаныс министрі.