Цой қандай вакцинаны салдыратынын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой не себепті қазақстандық вакцинаны салдыратынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі елімізге әкелінген вакцинаның барлығы тексерілген және тіркелуден өткен вакциналар екенін айтты. Алайда, министр қазақстандық вакцинаның жасалу технологиясы басқа вакциналардан ерекшеленетінін жеткізді.
"Қазақстанда вакцинацияға рұқсат етілген барлық вакцина тексерілді және қауіпсіз. Қазір ресейлік "Спутник V" вакцинасын министрліктегі, өңірлік денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестеріміз салдырды. Бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз. Ал қазақстандық QazCovid-in вакцинасы әзірленіп жатыр. Оның технологиясы басқаша. Қазір клиникалық сынақтың үшінші кезеңі жүріп жатыр. Мен денсаулық сақтау министрі ретінде отандық вакцинаны салдыруды жөн көрдім", - деді Цой ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған