Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой қазақстандықтарды қайта вакциналау қашан басталатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде қайта вакциналау қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Президент тапсырмасымен қазақстандықтарды вакциналау жөніндегі консультативтік комиссиясының ұсынысына сәйкес, бұған дейін халықты ревакциналау тәсілдері баяндалған болатын. Ревакцинация 22 қарашада басталады, екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезекте тәуекел тобына кірген адамдар вакцина алғанын және алғашқы вакциналау мерзімін ескере отырып, осы жылдың соңына дейін халықтың осал тобы қайта вакциналаудан өтеді. Олар – медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері, жабық балалар мекемелері, ішкі істер құрылымының қызметкерлері”, – деді министр. 

Оның сөзінше, ревакцинация келесі жылдан бастап жаппай жүргізіледі. 

“60 жастан асқан тұрғындар, сондай-ақ коронавирусқа қарсы антиденеге арналған тестінің теріс нәтижесі бар және зерттеуден өз бетінше өткен тұлғалар белгіленген мерзімсіз-ақ ревакциналауға жіберіледі. Алғашқы жаппай вакциналау сәуір айында басталғанын ескерсек, бірінші вакциналауды аяқтаған, иммундаудың толық курсын аяқтағаннан соң 6-9 айдан кейін республиканың барлық азаматы 2022 жылдың қаңтарынан бастап қайта вакцина алады”, – деді Цой.


Талқылау