Цой: Қазақстан "жасыл" аймақта тұр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус инфекциясы жайлы мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, әлемде коронавирус инфекциясы бойынша жағдай әлі де күрделі. 220 мемлекетте 84 млн адам КВИ жұқтырған, оның 1 млн 840-ы қайтыс болды, яғни науқастың 2,2% көз жұмды.
Ведомство басшысының мәліметінше, елімізде 156 943 науқас COVID-19 жұқтырған және 45 946 адамға КВИ- диагнозы қойылған. Бүгінде пациенттердің 87% індеттен жазылып шыққан, ал маусым-шілде айында айыққандар қатары 60% аспайтын.
"Республика қаупі төмен - жасыл аймақта тұр. Жоғары қауіпті аймақта немесе қызыл аймақта Атырау облысы қалды. Сары аймақта немесе орташа қауіпті аймақта 6 өңір: Солтүстік Қазақстан облысы, және Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары", - деді Цой.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ