COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінгі таңда вакцинаны алғаннан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын 16 адам жұқтырды. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген", - деп хабарлады Комитет.
Ведомствода коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинациялаудың екінші кезеңін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын атап өтті.
- Тоқаев екі түрлі вакцина салдырмақ: Мамандар бірнеше екпе алудың қаншалықты дұрыс екенін айтты
- Бір ай бойы вакцина іздеген: Алматыда танымал дәрігер коронавирустан көз жұмды
Бұған дейін Алматыдағы №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін көз жұмғаны туралы айтылған еді.
Желіде тараған видеода қаза табуышының туыстары, оның вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап, қатты қалтырағанын айтады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды
