COVID-19-бен күреске бөлінген 335 млрд теңге негізсіз жұмсалғаны анықталды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті COVID-19-қа қарсы күрестегі 355 миллиард теңгенің бұзушылықтарын анықтады. Бұл туралы осы комитеттің басшысы Наталья Годунова Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“6,9 трлн теңгенің 4,5 трлн теңгесі тексерілді, оның 2 трлн теңгесі бойынша аудит жүргізілді. 355 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, тағы 243 млрд теңге жоспарлау барысында, үкіметпен бірлескен жұмыс барысында қайта бөлінді, – деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету шаралары сынға ұшырайды.
“Жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде сақтауға қол жеткізілгеніне қарамастан, бастапқыда жұмыспен қамтуды қолдау бойынша шығындардың едәуір бөлігі уақытша жұмыс орындарын құруға бағытталды, олар бойынша жұмысқа орналастырудың орташа кезеңі 1-3 айды құрады”, – деді есеп комитетінің басшысы.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан