Covid-19-бен ауырған ер адам әріптестеріне қалжыңдап жөтелгені үшін екі аптаға түрмеге қамалды
Сингапурда әріптестеріне қарай қалжыңдап жөтелген ер адам екі аптаға түрмеге қамалды. Ол сол кезде Covid-19-бен ауырып жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет pexels-тен алынған
Leong Hup Сингапур инвестициялық фирмасының қызметкері 64 жастағы Тамилсельвам Рамайа сол кездері Covid-19-бен ауырып жүрген. Ол тестілеудің оң нәтижесіне қарамастан, кеңседе қалған. Тіпті әріптестеріне қарап әдейі ашық жөтелген. Өзінің айтуынша, ол жай ғана қалжыңдамақ болған.
Оқиға салдарынан компанияның бір қызметкері коронавирус жұқтырған.
Рамаяның адвокаты оның арамдық әрекет жасамағанын айтып, айыппұл төлеуді өтінді. Алайда сот Рамайаның әріптесінің денсаулығының ауыр мәселесін ескеріп, ер адамды түрмеге жіберу туралы шешім қабылдады.
Сингапур пандемияның бүкіл кезеңінде қатаң шаралармен ерекшеленді. Тіпті қатаң шараның кейбірін 2023 жылдың ақпанында ғана алып тастады.
Талқылау
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”
"Қандай жанталасты бастан кешкенімді сөзбен түсіндіру мүмкін емес": Қатерлі ісікті 3 рет жеңіп шыққан қазақстандық әйелдің оқиғасы көпті шабыттандырады
Өміріндегі ауыр сынақты еңсерген әйел енді өзгелерге сырқаттан айығуға көмектеседі