Cолтүстік Америкадағы ең қарт әйел ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
АҚШ-тың 114 жастағы тұрғыны Солтүстік Америкадағы ең қарт адам атанды. Ол ұзақ сүрудің құпиясын да айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Freepik
Наоми Уайтхед Пенсильвания штатындағы Уест-Сейлем қарттар үйінде тұрады. Ол техастық Элизабет Фрэнсис қайтыс болған соң құрлықтың ең қарт адамы атанды. Уайтхед 1910 жылы Джорджиядағы шаруашылықта дүниеге келген.
Әйел ұзақ өмір сүруін жақсы ген мен хоббидің көптігімен байланыстырды. Ол әлі күнге дейін тамақ дайындап, сурет салуды және музыка тыңдауды жаны сүйеді екен.
2023 жылы Уайтхед сұхбаттарының бірінде ұзақ өмір сүруді мақсат етпегенін айта келе, "Құдай жазған жасқа дейін өмір сүретінін" мәлімдеген. Ал келер ұрпаққа кеңес берген ол "Тынбай еңбектеніңдер" деген.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"