CNN Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтірген кадрларын көрсетті
CNN телеарнасы Ресей әскери күштерінің Киев маңында екі бейбіт тұрғынды өлтірген сәті түсіп қалған кадрларды көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бақылау камерасынан алынған кадр 16 наурызда түсірілген. Онда бір топ ресейлік сарбаздардың тоқтап, жергілікті автомобиль сауда компаниясының иесі мен фирманың 68 жастағы күзетшісі Леонид Пляцты іздегенін көруге болады.

Бұдан соң Ресей әскері тінту жасап, компанияның иесі мен күзетшісін артынан оқ жаудырып, өлтіреді. Леонид Пляцтің бірден қайтыс болмағанын байқауға болады: Кадрларда оның өзінің күзет орнына көтеріліп, жетуге тырысқаны көрінеді. Бірақ жанына келгенде құлап түседі. Оның көп қан жоғалтудан қаза тапқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бейнежазба Украинадағы Ресей армиясының әскери қылмыстарын халықаралық тергеу бойынша іс материалдарына енгізілген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"