Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цифрлық даму министрі: Қазақстандықтар әлсіз интернет желісі туралы арнайы сайт арқылы шағым жолдай алады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін жаңа ресурс Bailanys.bar сайты құрылғанын айтты. Сөзінше, интернет желісі нашар ұстап тұрған кез келген қазақстандық порталға кіріп, өзінің шағымын жолдай алады, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мусин

"Біз Қазақстанның кейбір өңірлерінде интернет жоқ екенін түсініп отырмыз. Сол себепті біз бұл мәселені шешуге бағытталған веб-сайт құрастырдық. Тұрғындар Bailanys.bar порталына кіріп, интернет ақауын белгілей алады. Министрлік бұл ақпаратқа қол жеткізіп, нақты қай жерде интерент дұрыс тартпай тұрғанын біліп отырамыз", - дейді Мусин. 

Бұған қоса ол бұл қиындықтардың туындауына тікелей байланыс операторлары жауап беретінін алға тартты. 

"Біз байланыс операторларына лицензия береміз. Олар өз кезегінде интернетпен қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз осы интернеттің таратылуына бақылау жүргізу. Біздің сайтқа әрбір қазақстандық кіріп, әлсіз желі туралы хабарлай алады. Ал біз үкімет тарапынан бұл мәселені шешу жолдарын қарастырамыз", - дейді министр. 


Денсаулық сақтау министрі бірінші тоқсанда оқушылардың мектепке оқуға баруына қарсы шықты

Талқылау