Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чилидегі өрт кезінде қаза тапқандардың саны 112-ге жетті

Чилидің Вальпараисо елді мекенінде орман өрті өршіп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Мемлекеттік сот-медициналық қызметі Х әлеуметтік желісінде қаза тапқандардың саны 90-нан асқанын мәлімдеген еді. Қазір тілсіз жау кезінде ажал құшқандардың саны 112-ге жеткен.

“Медициналық сараптама кеңсесі Вальпараисодағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған адамдар туралы ресми ақпаратты ұсынады. Өрт кезінде 99 адам қаза болды”, – делінген хабарламада.

Биліктегілердің айтуынша, өрт кезінде жүздеген адам жоғалып кеткен. Сондай-ақ алапат өрт кезінде тау баурайындағы қираған үйлерден адамдардың мәйіттері табылып жатыр. 

Тілсіз жау туристер арасында танымал Винья-дель-Мар және Вальпараисо қалаларына қауіп төндіріп отыр. Бұл қалаларда миллионнан астам халық қоныстанған. Reuters агенттігінің дронмен түсірген видеосынан Винья-дель-Мар қаласындағы бүтін бір елді мекендердің жанып кеткенін көруге болады. Қала тұрғындары жанып кеткен үй қалдықтарының жанынан шыға алмай жүрген көрінеді. Қала көшелері өртеніп кеткен көліктерге толы. 

“Қатты жел тұрып, аптап ыстық болды. Тыным таппадық. Адамдар жан-жақта жүр”, – дейді жергілікті құрылысшы Педро Кесада. 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Вальпараисоның аймағындағы тау баурайында орналасқан тұрғын үйлердің жанып жатқанын көруге болады. Қаланы қалың түтін басып, көру мүмкіндігі нашарлады.



Айта  кетейік, Чили президенті Габриэль Борич 5 ақпаннан бастап өртке байланысты екі күндік қаралы күн жариялады. Сондай-ақ ол орман өртіне байланысты елде төтенше жағдай енгізген еді.

Бұған дейін "Almaty" хостеліндегі өртке қатысты тың деректер анықталған еді.

Талқылау