Чили бұрыштары жаһандық жылыну салдарынан ащылығын жоғалтып жатыр
Чили деп аталатын қызыл бұрыш климаттың күрт өзгеруіне байланысты ащылығын жоғалтып, тәтті дәмге ие болып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: bogatyr.club
Сарапшылардың айтуынша, чилидің ащылығын алкалоидтармен (капсаицин) анықтауға болады.
“Әдетте, жылы әрі құрғақ ауа жемістердің ащылығын арттырады. Дегенмен, ауа-райының қолайсыздығына байланысты өсімдіктерді жетілдіру қиындап жатыр. Өсімдік көп мөлшерде бойына артық ылғалды сіңіргенде, оны чили бұрыш жемісінің целлюлозасына шығарады”, – дейді агроэколог Крайг Крафт.
Қазіргі уақытта ғалымдар чили ащы бұрышының климаттың өзгеруіне және ауруларға төтеп бере алатын жаңа сорттарын жасауға кіріскен. Дегенмен бірдей дәмдік қасиеттерін сақтау мүмкін емес, дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда бойжеткен ащы бұрышты иіскеген соң тілі байланып, жүре алмай қалғаны туралы жазған едік.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"