Бойжеткен ащы бұрыштың кесірінен тілі байланып, комаға түскен
Бразилияда бойдеткен ащы бұрышты иіскеген соң тілі байланып, жүре алмай қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі G1сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

25 жастағы Таис Медейрос ақпан айында ауруханаға түскен. Мұның алдында ол сүйіктісімен бірге кешкі ас дайындапты. Қонақтарға арналған астың біріне маринадталған бұрыш қосу керек болған. Бұрышты иіскеген сәтте қыздың тамағы қыши бастапты. Жағдайы нашарлаған соң ол ауруханаға барған.
Дәрігерлер Медейростың миы аллергия кесірінен ісіп кеткенін анықтаған. Жағдайы нашарлаған қыз бірнеше күн комада болған. Емі жазға дейін жалғасып, ауруханадан тек 31 шілдеде шығарылыпты. Алайда жағдайы қайта нашарлап кеткен соң қай емханаға жатқызылды.
Қазір дәрігерлер Медейростың қашан айығып кетерін айта алмай отыр. Қыз сөйлей де, жүре де алмайды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"