Чемпиондар лигасы: "ПСЖ" жартылай финалда "Боруссияға" есе жіберді
Чемпиондар лигасының жартылай финалының алғашқы матчында “ПСЖ” “Боруссиядан” ұтылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Metaratings.ru
Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясындағы алғашқы матчта "Боруссия" командасы франциялық "ПСЖ" футбол клубын минималды есеппен ұтты. Германияда өткен ойында дортмундтық клуб матчты толыққанда өз бақылауында өткізіп, бірінші таймның 36-минутында Никлас Фуллкруг “ПСЖ” қақпасына әдемі гол соқты. Екінші таймда франциялық клуб қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмады. Енді ойын тағдыры Францияда өтетін қарымта матчта шешіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнаған "Бавария" мен "Реал Мадрид" 2:2 есебімен тең түскен еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған

