Нұр-Сұлтандық Әли "Ливерпульді" марапаттап, капитанның қолынан УЕФА суперкубогын алды
Тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Ыстамбұлда өткен УЕФА-ның Суперкубогы үшін ойында англиялық «Ливерпуль» мен «Челси» командалары бақ сынасып, кездесу біріншісінің жеңісімен аяқталды. Қазақстандық Әли Тұрғанбек марапаттау рәсіміне қатысты.
Сурет: REUTERS
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ойынның негізгі уақыты теңбе-тең аяқталып, есеп 1:1-ді құрады. Қосымша уақытта Мане гол соқса, «Челсилік» Жорже Фрелло жауап голын салды.
Ойыннан кейінгі пенальти кезінде «Ливерпуль» ойыншылары 5:4 нәтижесін көрсетіп, суперкубокты иеленді.
Айта кетсек, ойыннан кейінгі марапаттау рәсіміне «қазақстандық Ник Вуйчич» атанып кеткен Әли Тұрғанбек қатысты. Марапаттау рәсімінде футболшылардың әрқайсысы Тұрғанбековпен құшақтасты.
Сурет: REUTERS
Сонымен қатар «Ливерпуль» капитаны Джордан Хендерсон УЕФА Суперкубогын алғаннан кейін оны Тұрғанбековтың қолына берді. Артынша жүлдені алып, өз командасына беттеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Әли Тұрғанбек әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Мессимен кездескен еді.