Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Месси 11 жастағы қазақстандықпен кездесіп, сезімге ерік берді (видео)

Қазақстандық "Ник Вуйчич" атанып кеткен Әли Тұрғанбеков арманын орындап, әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Мессимен кездесті, деп жазады Stan.kz.

Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Месси 11 жастағы қазақстандықпен кездесіп, сезімге ерік бердіҚазақстандағы 18 миллион адамның ішіндегі дара тұлға, елордалық Әли Тұрғанбеков арманының орындалғанына әлі де сене алмай жүрген секілді. "Анашым, мені әлі оятпашы" деген сөздерінен-ақ кішкентай жігіттің қуаныштан төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалғанын байқауға болады:

"Әлидің эмоциясы мен сезімін сөзбен айтып жеткізі мүмкін емес! Месси Әлимен жеке кездесуге келді. Біз қатты толқысақ та, Ұлы Аллаға сендік! Месси өте қарапайым, тіпті оның көздерінен-ақ қалай толқып кеткені байқалды. Футболшының екі езуіне күлкі үйірілді. Менің қолымды қатты қысты, сосын Әлиді құшақтай бастады. Соңында көздері қызарып, жанарына жас толғандай болды. Әлидің арманы орындалғаны үшін Жаратқанға алғыс айтамыз! Барлығы күшті өтті. Әли әлі Мессимен кездескеніне сене алмай жүр. Анашым, бұл түс емес пе? деп қайта-қайта сұрайды", — дейді анасы Ақмарал Әміреева. 

Әли Тұрғанбеков және оның жанұсы арманның орындалуына көмектескені үшін Қазақстанның Барселонадағы елшісі Ринат Дүйсенбаевқа және "Қайрат ФК-нің президенті Қайрат Советұлына алғыс айтады. 

"Ағылшынға қарағанда испан тілі қолданыста болған соң, айтқымыз келген дүниенің барлығын Ринат арқылы жеткізіп отырдық. Ол бізге қатты көмектесті, әрдайым жанымызда жүрді. "Қайрат ФК-нің президенті Испанияға сапарымызды толығымен қаржыландырды. Алғысымыз шексіз", — дейді Әміреева. 

Әлемдегі ең үздік футболшылардың бірі Лионель Месси 11 жастағы қазақстандықпен кездесіп, сезімге ерік берді

Әли Тұрғанбеков Лионель Мессимен кездесіп қана қоймай, "Барселона" футбол клубының қорғаушысы Жерар Пикемен футбол ойнап, басқа да футбол жұлдыздармен танысты. Сондай-ақ, клубтың "Камп Ноу" стадионындағы жаттығуына қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған Диего Марадонамен кездесіп, үстіне шапан жапқан. 

Әли Тұрғанбековтың жетістіктерін бақылап отыру үшін оның Instagram желісіндегі парақшасына жазылыңыз ali_amir_happy

 

 


 

Талқылау