Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

CHANGAN Қазақстан автокөлік нарығындағы көшбасшылар үштігінде өз орнын нығайтып, рекордтық сатылым өсімін көрсетті

Фото: Жаңа CHANGAN UNI-V

Astana Motors құрамындағы CHANGAN Қазақстанның автокөлік нарығындағы өз позициясын нығайтып келеді.

"Қазақстанның Автокөлік Одағы" (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2026 жылғы маусым айында CHANGAN брендінен 2 565 автокөлік сатылды. Осылайша бренд еліміздегі барлық автокөлік өндірушілері арасында екі ай қатарынан сатылым көлемі бойынша үшінші орынға ие болды.

Жалпы, 2026 жылдың маусымында Қазақстанда 21,8 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылды. Оның ішінде елімізде сатылған әрбір оныншы жаңа автокөлік CHANGAN брендіне тиесілі.

2025 жылғы маусыммен салыстырғанда бренд сатылымы екі есеге артып, 121,5%-ға өсті. Айта кету керек, осы кезеңде жалпы нарық 12,5%-ға ұлғайған.

Фото: инфографика Қазақстанның Автокөлік Одағынан

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы көрсеткіштер де назар аудартады. Егер Қазақстандағы жалпы сатылым көлемі 105 886 автокөлікті құрап, нарық өткен жылдың деңгейін сақтап, небәрі 0,9%-ға ғана өссе, CHANGAN сатылымы бірден 89,2%-ға артып, 9 471 автокөлікке жетті. Бұл — ТОП-10 бренд арасындағы ең үздік нәтиже.

Сатылым көрсеткіштерінің жоғары болуына бірден бірнеше танымал модель атсалысуда. Қатарынан екінші ай CHANGAN CS55 Plus Қазақстандағы ең көп сатылатын автокөліктер арасында үшінші орынды иеленсе, CHANGAN CS35 Max төртінші позицияны сақтап келеді.

Фото: CHANGAN CS55 Plus

 

"Бұл нәтиже біз үшін ең алдымен қазақстандықтардың CHANGAN-ды сенімділігі, заманауи технологиялары, жайлылығы және жарқын дизайны үшін таңдайтынын білдіреді. Бүгінде автокөліктің сапасы сатып алу кезінде басты шешуші факторға айналуда. Өз кезегімізде біз дилерлік желіні дамыттып, модельдік қатарды кеңейтіп, сервис деңгейін арттыруды жалғастырамыз. Бүгінде CHANGAN Қазақстанның 20 қаласында орналасқан 33 дилерлік орталықта ұсынылған және біз өңірлерде орнығуымызды нығайтып келеміз. Бізге сенім артқан әрбір клиентке алғысымызды айтамыз. Бұл бізді жаңа жетістіктерге жетуге және алға ұмтылуға жігерлендіреді", – деді Қазақстандағы CHANGAN дистрибуциясының басшысы Денис Коломацкий.
Фото: CHANGAN CS35 Max

Автокөліктер туралы толық ақпаратты Қазақстандағы CHANGAN ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасынан, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін 7007 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Stan.kz
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2026 10:12