Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы вице-министр Тоқтабаевтың ісі бойынша бірегей кен орны мемлекет меншігіне қайтарылды

Никель мен кобальттың бірегей кен орны мемлекетке қайтарылды. Ол сотталған бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтан тәркіленді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

кен орындары

“Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында бұрынғы вице-министр Т. Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы "Шевченковское" бірегей кен орны қайтарылды”, – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сейсенбіде таратқан мәліметінде.

Кен орнында никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.



27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т. Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланғанын еске салып өтейік. Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.

Талқылау