Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрынғы шенеунік Мұхтар Жәкішев ешкім қол сұға алмайтын пайда көзін құру идеясымен бөлісті

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Қазақстанның жылына 600 миллион доллар табыс табатын және оны ешкім меншіктеп ала алмайтыны жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан неліктен бас тартылғанын түсіндірді

Бизнес идеясымен Жәкішев жуырда Алматыда өткен "Шаңырақ" бизнес-форумында бөлісті. Тығырыққа тірелген сәттегі бизнес-шешімдер туралы сөз сөйлеген ұлттық компанияның экс-басшысы Қазақстанда биткоиннің экспорттық түсімінен еш табыс жоқ екеніне таңқалған.

"Жақында "сұр" майнинг фермалардың көптеген техникасы анықталғаны туралы жаңалық болды. Менің ойымша: үкімет оны аукционда сатудан әрі ойлай алмайды. Осы ретте неге деген заңды сұрақ туындайды. Бұл жабдықты біреу пайда қылам деп сатып алды ғой. Мүмкін оңтайлы жолды таңдап, квазимемлекеттік компания құру қажет шығар", – деп ұсынды ол.

Жәкішевтің сөзінше, квазимемлекеттік компаниялар екіұшты беделге ие болғанымен, биткоин жағдайында олардың жұмысы мүлдем ашық болады, өйткені криптовалютаны ұрлау мүмкін емес.



"Біз техниканы жеткізіп, осы құрылғылардың барлығын іске қосамыз, қазынадан арнайы шот ашамыз да майнингтен түскен пайда тікелей ел бюджетіне түсіп отырады. Ешбір үлкен ағамыз бұл қоржынға қол сұға алмайды. Бұл мүмкін емес: мұнда электр энергиясы болса, мұнда биткоин. Жарты жолдан қосылып, ешкім ақшаға ауыз сала алмайды", – деп сендірді ол.

Мұхтар Жәкішевтің есебінше, Қазақстан тәркілеген техниканың өзі жылына шамамен 600 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда таба алады.

Еске салайық, 2010 жылы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен 14 жылға сотталған еді. ал 2020 жылдың наурыз айында Семей қаласының №2 соты оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырып, бостандыққа шыққан.

Талқылау